Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Call-орталық құрылды

Өткен тәулік ішінде Алматы полициясының «жедел желісіне» төрт мыңнан астам қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда карантин енгізілген бастап Полиция департаментінде Call-орталық құрылды. Мақсаты – өткізу режиміне қатысты және заңдылықты сақтау туралы ең өзекті сұрақтарға жауап беру.

«Кезекшілік тәулікте төрт мыңнан астам адам көп арналы нөмірге қоңырау шалды. Олардың көпшілігін азаматтардың Алматы қаласынан карантиндік аймақтың периметрі бойынша өткізу пункттерінен кіріп-шығуы туралы мәселелер қызықтырды. Кейбір қоңырау шалушыларға кеңес пен қолдау қажет болды және олар оны қабылдады. Әрине, полицияның қызметіне қатысы жоқ мәселелер де болды. Мүмкіндігінше полиция қызметкерлерімен оларға да сауатты жауаптар берілді. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша алғашқы 2-3 күнде сенім телефонына көптеген қоңыраулар түседі. Азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жедел және қол жетімді жауап беру өте маңызды»,  – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.


Сонымен бірге, полиция карантин кезеңінде «жедел желі» негізінен полицияның – психологтары мен жауынгер емес полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру