CҚО-да полицейлер қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды
CҚО-да полицейлер қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда ішкі істер органдарының қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлердің рухына тағзым етілді.
Жұма таңында облыстық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер және қызметін жаңадан бастаған жас полицейлер ескерткіш жанына жиналды. Бұл мемориал – борышын адал атқарып, әр жылдары қылмыскердің қолынан немесе оқтан мерт болған сегіз солтүстікқазақстандық полицейге арналған.
Бір минут үнсіздіктен кейін полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов еске алу рәсімін ашты. Ардагерлер мен жас қызметкерлер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Алдағы апталарда осындай еске алу рәсімдері Петропавл қаласы полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімдерінде де өтеді.
Әр кезеңде борышына адалдық пен ерлік көрсеткен солтүстікқазақстандық полицейлердің өмір жолы – жас қызметкерлер үшін патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі, Заң мен Тәртіп сақшыларының кәсіби қалыптасуындағы өнеге мектебі болып табылады.