Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

CҚО полицейлері интеллектуалдық-саяси ойынға қатысты

СҚО полицейлері мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан білімдерін ортаға салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында облыстық полиция департаменті аппаратының және Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Рәміздер – рухымыз» тақырыбында өткен интеллектуалдық-саяси панорамаға қатысты.

Іс-шараны СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастыра отыра, мемлекеттік тілде өткізді.

Жүргізушінің тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы мен маңызы жайлы айтқан танымдық бөлімі интеллектуалдық ойынмен ұласты. Үш командаға бөлінген тәртіп сақшылары Конституция, ел тарихы, Отанымыздың адал перзенттерінің өмірі жайлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.

Қатысушылардың бәрі ел тарихын жетік білетіндігін, зеректігін көрсетті. Нәтижесінде шамалы ұпай санымен Петропавл қаласы ПБ топ жарып, жүлдегер атанды.

– Мұндай іс-шаралар патриотизмді нығайтып, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге септігін тигізеді және серпін береді, – деп атап өтті СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру