CҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға барып қайтты
CҚО полицейлері көпбалалы отбасыларға барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар – полицейлердің үнемі қамқорында. Халықаралық балаларды қорғау күні СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев ПД қамқорындағы Пипустар отбасында болды. Мұнда сегіз бала тәрбиеленуде. Тәртіп сақшылары аталған отбасын көптен бері қолдап келеді. Биыл Пипустар отбасы жергілікті билік берген жаңа пәтерлеріне кірді. Жаңа жерге көшуге патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көмектесті. Тәртіп сақшылары материалдық көмекпен ғана шектеліп қоймайды. Полицейлердің арқасында балалар концерттерге барып, Кинологиялық қызмет орталығында, кавалерия взводында экскурсияда болған. Бүгін балаларды сыйлықтармен, тәттілермен қуантты.
Мереке күні қамқорындағыларға ювеналдық полиция қызметкерлері де барып қайтты. Марат Төлебаевтың айтуынша, құқықтық мінез-құлықтың негізі жас кезде қалыптасады және оған бақытты балалық шақ ықпал етеді. Кішкентай азаматтарымызға қамқорлық көрсету – біздің ортақ міндетіміз.
– Бұдан басқа, бүлдіршіндерімізге қамқор болу қызметіміздің басымдылықтарының бірі болып қала бермек,- дейді полиция генерал-майоры. – Бұл жолдарда және су қоймаларында балалардың өмірлері мен денсаулықтарын сақтау мәселесі күрделі болған кезде, әсіресе жазда өзекті. Балалардың терезелерге жақын болуы қауіпті. Бос уақыттарының көптігінен жасөспірімдермен және оларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау қаупі артады. Аталған мәселелер полицейлермен балалардың қауіпсіз мінез-құлықтары бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар, акциялар шеңберінде, түсіндіру жұмыстары барысында шешіледі. Барлық ересектерді туындайтын мәселелерге көңіл аударуларын сұраймыз. Естеріңізде болсын:балалар сіздерге қарап бой түзейді, жолдарда, жағажайларда, қоғамдық орындарда өздеріңізді қалай ұстайсыздар, кішкентай азаматтарымыздың болашағы көбінесе соған байланысты.