Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Далада қалдырмады»: Алматы тұрғыны ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді

Алматы тұрғыны ақмолалық полицейлерге қолайсыз ауа райында көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының тұрғыны Атбасар ауданының учаскелік полиция инспекторларына алғыс білдірді. Өз хабарламасында ер адам 14 ақпанда шамамен сағат 21:00-де Алматы-Екатеринбург автожолының 56 шақырымында ГАЗель автокөлігімен қар құрсауында қалып қойғанын жазған. Ауа райы сағат сайын нашарлап, жүргізуші өздігінен шыға алмаған. Содан кейін ол «102» пультіне қоңырау шалды. Ер адамды желдің күшеюі алаңдатты. Алматы қаласының тұрғынына учаскелік инспекторлары Қанат Өмірзақов пен Нұрболат Қадербек көмек көрсетті. Арнайы техниканы күтпей-ақ, күрекпен қаруланған тәртіп сақшылары көлікті құтқарып қалды.

– Полицейлерге мені қиыншылықта қалдырмағаны үшін алғыс айтамын. Олар өте жауапты адамдар. Полиция майоры Қанат мені түнеу үшін үйіне алып барды. Таңертең ауа райы ашылған кезде, полиция мені тас жолға апарып салды. Айтпақшы, осы күні полицейлер менен басқа тағы бір екі және төрт жастағы екі баласы бар отбасын құтқарды – дейді алматылық.

– Жолда әртүрлі жағдайлар болады. Біз басқаша жасай алмадық. Сонымен қатар, менің жұбайым – медицина қызметкері, сондықтан мен сияқты әрдайым түсіністікпен қарайды және көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге дайын, – деп бөлісті Маринов ауылдық округіне қызмет көрсететін учаскелік инспектор Қ. Өмірзақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру