Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Даму» бағдарламасы арқылы ақша уәде еткен астаналық әйел ұсталды

Астанада алаяқ әйел бизнесті дамытуға көметесуге уәде беріп, жәбірленушіден ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында елорда полицейлері 35 жастағы әйелді анықтады. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, оған бизнесті дамыту үшін «Даму» бағдарламасы бойынша қолдау алуға көмектесуге уәде берген. Қаскүнем тиісті ұйымдағы танысы арқылы инвестициямен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген. Өзінің қызметі үшін 1 млн 230 мың теңге талап еткен. Қаражатты алғаннан кейін, ол ақшаны өзіне иемденіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қаржылық операциялар жүргізген кезде қырағы болу керектігін ескертеді және ақшаны аудармас бұрын ақпаратты тексерудің маңыздылығын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру