Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрігерлерге мың алғыс” акциясын пробация қызметкерлері жалғастырды

Қызылорда қалалық пробация қызметі “Дәрігерлерге мың алғыс” акциясын жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

PҚызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы  бүгінгі  p батырлары, ақ халатты абзал жандарға “FoodMaster” компаниясының өнімдерін табыстады. Пробация инспекторлары сақтық шараларын сақтай отырып,  қазіргі әлем халқына қауіп төндірген коронавируспен күресіп жатқан, өзгелердің өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтып, қолдау көрсетті. Олар дәрігерлердің иммунетін нығайтуға арналған өнімдерді таратты.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі зор. Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген, ақ халаттыжандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресіп жатыр. Ел басына түскен қиын-қыстау сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп, жылу сыйлап, “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, бірге екенімізді жеткізгіміз келеді, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Ернияз Жеңіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру