Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз»: Алматы полициясы медициналық бетперде таратты

Алматы қаласының полиция қызметкерлері тұрғындарға медициналық бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы жолдарда және көпшілік орындарда карантин кезеңінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандырды.

– Карантиннің жеңілдеуіне байланысты кейбір тұрғындар, өкінішке орай, жеке қорғанудың негізгі әдістері туралы ұмытып кетті және қоғамдық орындарға барғанда, көшеде серуендеп жүргенде, бетперде кимейді, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Әркім қауіптің әлі басылмағанын түсінуі керек және қорғаныс құралдары инфекцияның таралуын төмендетуге көмектеседі. Патрульдік полиция экипажы, қалада карантиннің осы кезеңінде жаяу патрульдеу түсіндірме жұмыстарына бағытталған. Қандай да бір себептермен бетпердесіз жүрген адамдар анықталса, инспекторлар бұл атрибуттарды кию керектігін еске салып, тұр,ындарға ұсынды. Мұндай жұмыс қаланың барлық аудандарында жүзеге асырылады, – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру