Департамент басшысы ардагерлерді құттықтады
Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев ішкі істер органдарының ардагері Алпысбай Мастековтың үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алпысбай Мастеков 28 жыл бұрын еңбек демалысына шыққан зейнеткер. Құқық қорғау органдарында көптеген жылдар бойы қызмет еткен ол отбасының басшысы, қамқор әке және немерелерінің сүйікті атасы.
Кездесу барысында ведомство басшысы ардагермен жеке сұхбаттасып, оған ішкі істер органдарындағы еңбегі үшін шынайы ризашылығы пен алғысын білдірді.
Жанарбек Бақтыбаев ардагердің денсаулығын, қажеттіліктері мен тұрмыстық жағдайын сұрады.
Департамент басшысы ардагерге зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі, сондай-ақ, жастарға жол сілтеп отырған аға буынның еңбегін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ ІІО ардагерлерін Полиция департаменті басшысының орынбасарлары да құттықтады. Полицейлер ардагерлердің отбасыларына тәттілер мен азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.
Өз кезегінде ардагерлер полицейлерге мықты денсаулық пен тыныш қызмет тіледі.