Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Департамент бастығы жедел кеңес өткізді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев ПД ЖПҚ, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚ басшылығымен, патрульдік полиция ротасы мен батальонының командирлері мен олардың орынбасарларымен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында Жанарбек Бақтыбаев елімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жоғары әлеуметтік маңыздылығын сақтап отырғанын және мемлекеттік органдар мен қоғамның басты назарында екенін атап өтті.

– Ең алдымен, жеке құрамға біздің алдымызда тұрған қызметтік міндеттерді орындау үшін жұмсалған күш-жігері үшін алғыс айтамын. Жұмыстың максималды тиімділігі полицияға деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейімен ғана мүмкін болады. Қызметтің басты қағидаты – халықты қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Жанарбек Бақтыбаев.

Жергілікті полиция қызметінің басшылығы мен жеке құрамының негізгі күш-жігері қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтаудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басым бағыттарына шоғырланған, бұл айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Бұл орайда заңдылықты сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне басты көңіл бөлінеді.

Балалардың жол-көлік оқиғаларының  салдарынан жарақаттар алуының алдын алу өзекті міндет болып қала береді.

Кеңеске қатысушылар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру, көлікті мас күйінде басқарудың алдын алу, жүргізушілерді даярлау жүйесін дамыту, балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету сияқты түрлі өзекті мәселелерді талқылады.

– Тәртіп сақшылары әрқашан халықтың назарында болған және солай болып қала береді. Біздің заңды сақтау және қызмет етуімізге байланысты халық жеке қауіпсіздік деңгейін бағалайды. Сіздердің қызметтеріңіз – батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі. Бүкіл қоғамның жағдайы сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге және адал қызмет етулеріңізге байланысты, – деді Жанарбек Төлеубекұлы.

Кеңес қорытындысы бойынша Жанарбек Бақтыбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басым бағыттарды анықтап, сондай-ақ осы жылы стратегиялық жобаларды іске асыру шеңберінде шешілуі тиіс нақты міндеттерді қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру