Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дер кезінде көмекке келген маңғыстаулық полицейлерге тұрғын алғыс білдірді

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Маңғыстау облысы ПД басшысы Жанарбек Бақтыбаевқа алғыс жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 4 тамызында Жаңаөзен қаласының тұрғыны К.Усербаевадан  Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевқа арнайы Алғыс хаты келіп түсті.
Алғыс хатта тұрғын 27 маусымда Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданында орналасқан тұрғын үйінің бірінде орын алған ұрлық оқиғасы бойынша полиция қызметкерлерінің  көмегіне жүгінген. Жаңаөзен қаласы ПБ басшы құрамы мен жеке құрамы арыз бойынша орын алған ұрлық оқиғасын ашуға барлық үлестерін қосып, қылмыскерлердің ізін суытпай ұстап, дер кезінде қылмысты ашып,  анасының көзі болып мұраға қалған бағалы алтын бұйымдарын өзіне қайтарып алғандығын жеткізген.

Сондай-ақ азаматша қылмыстық істі тез арада сапалы тергеп, сотқа жолдағанын айтып, өз қуанышын білдірген.

– “Құрметті Жанарбек Төлеубекұлы осы алғыс хатты жаза отырып, Сізге және өзіңіз жүйелі басқарып отырған ұжымдағы халық үшін аянбай еңбек етіп  жүрген барша полиция қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Елім деп еңбек еткен ерлердің өз жұмыстарын адал атқарғандарына және әрбір азаматтың аманаттарына асқан жауапкершілікпен қарайтынына көзім жетті. Сонымен қатар, Сізге  осы алғысымды жолдай отырып, қылмысты ашуға бар күш-жігерлерін салып, жедел  іздестіру іс-шараларын тиімді нәтижемен ұйымдастырған тәртіп сақшыларын марапаттауыңызды сұраймын!”, дейді  К.Д.Усербаева.

Маңғыстау облысы полицейлеріне қала тұрғындарынан бұдан бөлек жыл басынан бері бірнеше қылмыстық істер бойынша яғни, тергеу, криминалды полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінің атына Алғыс хаттар келіп түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру