Дезинфектордың телефонын ұрлаған адам ұсталды
Өзбекстан азаматы дезинфекциялау қызметкерінің ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс қаланың шағын аудандарының бірінде ішкі аумақтарды өңдеу кезінде орын алған. Бұрын осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Өзбекстанның 49 жастағы азаматы есіктері жабылмаған «Газель» жүк көлігін байқап қалған. Қаскөй, дезинфекциялық қызметтің жұмысшыларының кіреберістерге химикаттар шашыратып жүргенін пайдаланып, көліктің ішіне кіріп, сол жерден ұялы телефонды ұрлап кеткен.
«Қаскөй бірден ұсталды. Біреудің телефонын пайдаланып үлгермеді, заттай айғақтар онымен бірге болды. Өңдеу үстінде жұмыс істейтін ер адамдар біреудің олардың көліктеріне кіреді ау деп күдіктенбестен, кабинаны желдету үшін есіктерді ашық қалдырып, өз жұмыстарын жасаған. Жеңіл ақшаны ұнататын тәжірибелі адам мұндай сәтті құр жібермеді. Сондықтан, бос көшелерге қарамастан, азаматтарға вирустардан қорғану шараларын ғана емес, жеке меншікті қорғау шараларын да ұмытпауды ұсынамыз. Егер қандай да бір құқық бұзушылықтар болса, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарлаңыз», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Жанолат Зиадин.