Дизель отынын ұрлаған Жезқазған тұрғыны анықталды
Дизель отынын ұрлаған Жезқазған тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қарашада Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы бір мекемеден хабарлама түсті. Кәсіпорын басшылығы қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтін ГАЗ-53 жанармай таситын автокөлігінің жүргізушісін 300 литр дизель отынын ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартуды сұрап, тәртіп сақшыларына жүгінген.
Жедел ден қойған Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде Жезқазған қаласында тұратын 58 жастағы тегін бензинді ұнататын күдіктіні ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, өзіне тиесілі емес дизель отынын заңсыз жымқырғанын атап өтті. Айғақты зат ретінде одан ұрланған дизель отыны тәркіленді.