Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досының ұялы телефонын ұрлап кеткен сайрамдық анықталды

Түркістан облысының полицейлері досының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Ол досының үйінде отырып екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң мас болып сол үйде ұйықтап қалған. Алайда таңертең тұрғанында қалтасында тұрған “Samsung Galaxy” маркалы ұялы телефонын таба алмаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде небары екі сағат ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол өзінің досы болып шықыты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат досын үйіне шақырып, араққа сылқита тойдырып, ұйқыға кеткенін күткен. Содан соң қалтасынан ұялы телефонын алып, есік алдындағы шлакаблоктың астына тығып қойған. Осылайша арам ойын іске асырып, досына ұялы телефонын қайтарып бермеген.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері ескертеді: Мүліктеріңізге сақ болып, қараусыз қалдырмаңыздар. Адам көп шоғырланған аймақтарда құнды заттарыңызға берік болып, сақтық шараларын жасаңыздар. Егер, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру