Дүкен иесі жауапқа тартылды
132 дүкен иесі алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеті – құқық бұзушылықтың алдын алу, осыған байланысты полиция қызметкерлерімен рейдтік, профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Мастықпен жасалған қылмыстардың 56%-ға төмендегеніне қарамастан, полиция қызметкерлерімен 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сату және алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктер ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 3653 тұрғынды ұстады. Олардың әр қайсысына әкімшілік іс қозғалып, 38 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Кешкі сағат 21.00-ден кейін алкоголь өнімдерін сататын дүкен сатушылары да теріс статистиканы арттыруға өз үлесін қосады.
Бүгінгі таңда алкоголь өнімдерін заңсыз өткізгені үшін үш жеке кәсіпкер лицензиясынан айырылды, ал 31-і лицензияның қолданысы тоқтатылды. Сонымен қатар, алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 132 дүкен иесі жауапқа тартылып, 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мысалы, рейд барысында, 10 маусым сағат 21.00-де Ломов көшесіндегі дүкенде тәртіп сақшылары 21 жасқа толмаған адамға күштілігі 4,6% алкоголь ішімдігін сату фактісі анықталды. Аталған факті бойынша жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін сату жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал сотқа жіберілді.
Сол күні облыс орталығында сағат 23: 50-де Ломов көшесі мекен-жайында орналасқан басқа дүкенде полиция қызметкерлері сатушымен 37 жастағы павлодарлыққа бір бөтелке арақ сатқаны анықталды. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін сату жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал сотқа жіберілді.