Дүкендерді тонаған азаматқа тергеу басталды
Талдықорған полицейлері бейнебақылау камерасына түсіп қалған ұрыны ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен облыс орталығындағы екі дүкенді тонаған күдіктіні ұстады.
24 қаңтар және 7 ақпан күндері Талдықорған қалалық Полиция басқармасына дүкен иелерінен электрлік құралдың және екі аяқ киімнің қолды болғаны туралы арыз түсті. Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) сәйкес іс қозғалды. Сыртқы бейне бақылау камераларының жазбаларын зерделеп, тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, құрықтады. Қылмысқа қатысы бар тұлғаның өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін бұған дейін екі мәрте жауапкершілікке тартылғаны, сондай-ақ есірткі заттарын дайындау және сақтау дерегі үшін Қылмыстық кодекстің 259-бабы 2-тармағына сәйкес 2014 жылы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Текелі қаласының 26-жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдіктінің криминалды өткенін ескере отырып, сот оны қамаққа алуға санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың бұдан өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталатын болады.