Дүкенге ұрлыққа түскен азамат ақша жәшігін алып кеткен
Қарағандыда полицейлер дүкеннен ақша салынған жәшікті ұрлаған ер адамның ізін суытпай ұстады, – дп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне дүкендердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің дүкеннің кіреберіс есігінің құлпын бұзып кіргенін анықтады.
Ол ақша салынған арнайы темір қорапты ұрлап кеткен. 37 жастағы сауда нүктесінің иесі келтірілген шығынды 21 мың теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай 30 жастағы күдіктіні ұстады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.