Дүкенге ұрлыққа түскен қызылордалық құрықталды
Дүкенге ұрлыққа түскен қызылордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қаңтар күні кешкілік уақытта белгісіз біреу дүңгіршектің ілмелі құлпын бұзып кіріп, ішінен киім-кешек, 14 ұялы телефон құлаққабын, ойыншықтар ұрлап кеткен.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дүңгіршекке ұрлыққа түскен қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге өз заттары толықтай қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.