Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкенге ұрлыққа түскен Түркістан облысының тұрғыны анықталды

Дүкенге ұрлыққа түскен Түркістан облысының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға аралас заттар дүкен иесі, жергілікті тұрғын арызданды. Кәсіпкердің айтуынша, сағат 00:00 шамасында оның дүкеніне белгісіз біреу есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, кассада тұрған 100 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Аталмыш ұрлық қылмысы бойынша Төлеби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырып, күдіктінің жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-ға жеткізді. Дүкенге ұрлыққа түскен күдікті жас азамат сол дүкеннің тұрақты келушісі болып шықты. Осы қылмыстық істің мән-жайын және күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жүйелі жұмыстарды атқаруда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру