Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Таразда дүкеннен ұрлық жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қ. ПБ-1 криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері өткен тәулікте бір қорап тауық еті мен алты лоток тауық жұмыртқасын дүкеннен алып шыққан жұмыссыз ер адамды ұстады. Ұрлық туралы шағыммен «Ауыл береке» базарында орналасқан «Омар ата» дүкенінің иесі жүгінді. Жедел бөлініс қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, 35 жастағы бұрын сотты болған Тараз қаласының тұрғынын қылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

Белгілі болғандай, қаскүнем дүкен сатушыларының ұқыпсыздығын пайдаланып, қораптарды ешбір кедергісіз алып шыққан. Ер адам ұрланған тауарларды сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру