Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен үш бірдей костюм ұрлаған азамат құрықталды

Қарағандылық азамат дүкеннен үш бірдей костюм ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінен белгісіз біреудің үш костюм ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Шығын мөлшері шамамен 100 мың теңгені құраған.

Жәбірленуші тараптың өкілі ұрлыққа қатысы болуы мүмкін клиенттердің біреуінің сыртқы белгілерін сипаттап берді. Сонымен қатар, полицейлер оқиға болған жерге жақын жерде орнатылған бейнекамераның жазбасын тексерді.

Полиция қызметкерлері бейнежазба арқылы қылмысты жасаған бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 жастағы ер адамды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру