Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннің алдынан велосипедті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бейнекамераның көмегімен  велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 11 тамыз күні Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында 10 тамыз күні аудандағы дүкендердің бірінің алдына қойған велосипедін белгісіз адамның жымқырып кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Мақтаарал АПБ-ның полицейлері бірден бағыт алып, оқиға орын алған жерге аттанады. Қылмысты тез арада ашу мақсатында аудан полицейлері қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарды. Жақын маңдағы бақылау бейнекамералары да тексерілді.

Нәтижесінде бейнекамераға түскен белгісіз адамды полицейлер байқап, жедел шаралар арқылы тұлғасын анықтады. Осылайша полиция қызметкерлері бірер сағат ішінде күдіктіні тұрғылықты мекен жайы бойынша ұстап, айғақты зат ретінде велосипедті тапты.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азамат қолхатта.
Ал тергеу барысында белгілі болғаны ұсталған адам бұрын соңды сотталмаған, жергілікті тұрғын. Ол велосипедті өз пайдасына жарату үшін қолданбақ болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру