Думан Таев Шымкент полициясын басқарады
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Жаңа басшыны мегаполис активіне министр Марат Ахметжанов таныстырды.
Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы – Ақмола облысы ПД бастығы.
ІІМ басшысы оның тәжірибесі мен кәсібилігін ерекше атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.
Ішкі істер министрі оның өз ісіне адалдығына құрмет білдіріп, атқарған ісіне жоғары баға берді.