Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Егін" ЖПІШ: полиция астық ұрлығының сегіз дерегін әшкереледі

Еліміздің алты өңірінде — Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында — ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Егін" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйектен бастап еліміздің алты өңірінде — Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында — ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлаудың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ биылғы жылғы егіннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Егін" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараға полиция қызметкері жұмылдырылып, тәулік бойы кезекшілік атқаратын 55 жылжымалы топ құрылған.

Полиция өкілдері шамамен 2 мыңға жуық астық сақтау және өңдеу нысандарын, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына тартылған 1100-ден астам көлік пен арнайы техниканы тексерді. Тексеру нәтижесінде жаңа өнімді ұрлаудың 8 дерегі анықталды.

Тәркіленген мүліктің жалпы көлемі — 141 тоннадан астам ұрланған астық, 175 келіге жуық басқа дәнді дақылдар, егіс алқаптарынан ұрланған 200 литрден астам жанармай және ауыл шаруашылығы техникасына тиесілі 15 қосалқы бөлшек анықталды.

Сонымен қатар төрт қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесіліп, 18 адам ұсталды.

Полиция бұл бағыттағы шараларды жалғастырып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуына бақылау егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін күшейтілмек.

Жауап қалдыру