Екатеринбург-Алматы автожолындағы жол апатынан екі адам көз жұмды
Екатеринбург-Алматы автожолындағы жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қарашада сағат 00.10-да Жақсы АПБ кезекші бөліміне Перекатное бекетінің жанындағы Екатеринбург-Алматы автожолының 967 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Анықталғандай, Hyundai Sоlaris маркалы автокөлігінің жүргізушісі – Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғыны Қостанай қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Атбасар қаласының 59 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Audi В-4 маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Sоlaris маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттардан қайтыс болды, екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.
Орталық аудандық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақаттармен Audi В-4 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, Hyundai Sоlaris маркалы автокөлігінің жолаушысы жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.