Екі ер адам телефон сатып аламын деген сылтаумен алматылықтарды алдап соққан
Екі ер адам телефон сатып аламын деген сылтаумен алматылықтарды алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 23 жастағы А.есімді азамат пен оның сыбайласы 29 жастағы азамат интернеттен телефондарды сату туралы жарнаманы мақсатты түрде іздеген.
– Одан әрі тізбек келесідей болды: олар сатушылармен кездесу туралы келісіп, көрсетілген сомаға алдын ала жалған онлайн аударым туралы түбіртек дайындап, сатушыға түбіртекті көрсетіп, телефонды алып, белгісіз бағытқа жасырынған. Тағы бір жағдайда қаскөйлер жалған түбіртек дайындап әуре болмауды ұйғарды: олар сатушыны ұрып, одан тауар мен ақшаны күштеп тартып алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі айыпталушы да ұсталды. Қазір олардың кем дегенде екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. Оларға қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адамдар өз кінәсін мойындады, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Жедел уәкілдердің бір нұсқасы бойынша алданған/тоналған адамдардың көбірек болуы мүмкін. Осыған байланысты полицейлер олардың бет-жүзін жария етті және оларды таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды: 8-747-699-70-02; 254-44-62.