Екі ер адам жайылымда жүрген бұқаны атқан
Ақтөбе облысында жайылымда жүрген бұқаны атқан екі азамат сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе және Атырау облысының екі тұрғыны еркін жайылымнан жергілікті тұрғынға тиесілі бұқаны қасақана пайдакүнемдік мақсатта өздерінің аңшылық мылтығымен атып алып, «УАЗ» маркалы автокөлігіне тиеген.
Байғанин ауданы ПБ-мен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі азамат ұсталып, ҚР ҚК 188-1 бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.
Күдіктілерге қатысты сот үкімі шығып аталған азаматтар үш жылға бас бостандығынан айырылып, «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.