Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік пәтерді арзанға аламын деп 2 миллионнан айырылды

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ тұрғындардан ірі мөлшерде ақша алып, ізін суытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде 34 жастағы қала тұрғыны шағымымен полицияға жүгінді. Белгілі болғандай, ол банктен кепілде тұрған пәтерді төмен бағамен сатуға уәде берген бейтаныс адамға сенген. Ер адам 2 миллион теңгеге жуық ақша алып, байланысқа шықпай қалған. Тек бір айдан кейін ғана жәбірленуші ішкі істер органдарына жүгінді.

Семей қалалық жергілікті Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде 58 жастағы күдіктіні анықтады. Белгілі болғандай, ер адам барлық қаражатты жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Семей қаласында 30 жасар жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болды. 26 жастағы Абай ауданының тұрғыны оған көлік құралдарын сатып алу кезінде көмек көрсетуге уәде беріп, ірі мөлшердегі ақша талап еткен. Бірақ зардап шегушінің 700 мың теңгесін иемденіп, хабарсыз кеткен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру