Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі қап ет тәркіленді

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жол таңдамайтын көліктерден екі қап аң етіне ұқсас ет тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қараша күні сағат 22.30 шамасында Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жазық далада келе жатқан «Toyota Land Cruiser» маркалы күдік тудырған қос автокөлікті байқап, оларды тоқтатқан.

Бірінің жүргізушісі 30 жаста болса, екінші автокөліктің тізгінінде 46 жастағы азамат болған. Сондай-ақ автокөліктерде 48 және 41 жастағы екі жолаушы болған.

Автокөліктерге жүргізілген тексеріс барысында полиция қызметкерлері алты  аңшы мылтығы мен қапқа салынған аң еттеріне ұқсас етті тәркіледі.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына (Заңсыз аңшылық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру