Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі қойды қолды еткен ұры ұсталды

Қызылордада полицейлер екі қойды қолды еткен ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсан күні Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылының тұрғыны ауласындағы мал қорасынан екі бас қойының ұрлағандығы туралы полицияға арызданған.

Қызылорда облысы ПД Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру