2 жасар бүлдіршінді табуға көмектескен жасөспірім марапатталды
Түркістан облысының полицейлері адасып қалған екі жасар бүлдіршінді табуға көмектескен жасөспірімді «Алғыс хатпен» марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-не кешкі сағат 18:30 шамасында Темірлан елді мекенінің тұрғыны «102» сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, есік алдында ойнап жүрген екі жасар қызы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ордабасы АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Кішкентай бүлдіршінді табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.
Арада бір сағаттан астам уақыт өткенде полицияға 10-сынып оқушысы хабарласып, көшеде жалғыз, жылап жүрген кішкентай қызды тауып алғанын жеткізеді. Осылайша, жоғалған бала Әділет есімді жасөспірімнің арқасында аман-сау күйінде табылып, ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары балақай үйдің ауласында ойнап жүріп шығып кетіп, сегіз көше ары кетіп, адасып қалғанын анықтады.
Өз кезегінде Ордабасы АПБ-нің бастығы Ғалымжан Қуашбаев аталмыш кішкентай қызды дін-аман тауып, отбасына қайтаруға өзіндік үлесін қосқан Әділет Әділерұлының әрекетіне риза болып, оны «Алғыс хатпен» марапаттады.
Оған қоса Түркістан облысының полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа ойнауға шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.
Ордабасы АПБ басшы курамы мен жеке курамы жарайсыздар 👏🏻