Екі жігіт оқу орнына тиесілі 3 бас ірі қараны ұрлап кеткен
Қарағанды облысында оқу орнына тиесілі ірі қараларды ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусымда Қарқаралы ауданы колледждерінің бірінің әкімшілігі аудандық полиция бөліміне жүгінген. Маусымның 21-інен 22-не қараған түні, қыстаудан белгісіз біреу оқу орнына тиесілі үш бас ірі қара малын ұрлап кеткені белгілі болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы екі аудан тұрғынын ұстады, олардан ұрланған екі малдың еті табылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.