Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз мектептерінде полиция қызметкерлері оқушыларға анонимді сауалнама жүргізуде

Екібастұз мектептерінде полиция қызметкерлері оқушыларға анонимді сауалнама жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Екібастұздағы мектептерде полицейлер оқушылардан анонимді сауалнама алып жатыр.

– Сауалнама №22 мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің күнделікті өмірде кездесетін өмірлік және ықтимал қауіпті жағдайларын анықтау. Жиналған мәліметтер оқушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді тереңірек түсінуге, сондай-ақ алдағы профилактикалық жұмыстардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – полиция қызметкерлері үшін әрдайым басты басымдық, – деп хабарлады Екібастұз қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Виктория Проценко.

Мұндай сауалнамалар мектеп оқушыларының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өз мінез-құлқына саналы көзқарас қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру