Екібастұз полицейлері ер адамды құтқарып қалды
Екібастұз полицейлері өз өмірімен қоштасқысы келген ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 08.55 шамасында полицияға әйел адамнан қоңырау түсті. Ашуланған әйел жұбайының есік ашпайтынын және жұбайы өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын хабарлады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері Қуаныш Мүсірәлінов пен Серік Әділден тұратын автопатруль дереу жіберілді.
– Сол жерге келген соң, әйел бізге жүгіріп келіп, жұмыста болғанын және жұбайынан біртүрлі хабарлама алғанын айтты. Хабарламада ол өз өмірімен қоштасқысы келетінін жазған. Уақытты жоғалтпай, біз пәтерге терезеден кірдік, бөлмеде өмірмен қоштасуды көздеген ер адамды таптық. Оны шығарып алып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық, – деді қызмет инспекторы Қуаныш Мүсірәлінов.