Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері оқушыларға арнап экскурсия ұйымдастырды

Екібастұз полицейлері оқушыларға арнап экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таэквандо бөлімшесінің оқушылары жаттықтырушы Дархан Бекеновпен бірге Екібастұз қаласының полиция басқармасына барды.

Қонақтар бұл күнді полиция мұражайынан бастады. Мұражай тарихы туралы ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Бибігүл Исаева айтып, мұражайдың негізгі міндеті қоғамның тәртібі мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер туралы дәріптеп, жас ұрпақты тәрбиелеу екенін атап өтті. Мұражайдың өзінде даңқты, қаһармандық дәстүрлер, құқық қорғау органдарының жұмыс күндері, қызметкерлерді, ерлікпен қаза тапқандарды еске алу шаралары көрсетілді. Балалар бұрын полиция қызметкерлері қолданған құжаттарды, заттарды, кітаптарды, рацияларды, сканерлерді және басқа да тарихи заттарды тамашалады.

Бұдан әрі балалар полиция басқармасының криминалистерінің қызметімен танысты. Тәртіп сақшылары криминалистердегі бар техникалық және ғылыми құралдарды көрсетіп, олар туралы айтып берді. Олар өз жұмысының қыр-сырын әңгімелеп берді. Балаларға саусақ ізін алатын сканер ерекше қызық болды.

– Бұрын алақанға, саусақтарға бояу жағу керек еді, енді біз тек қолымызды жағамыз, содан кейін сканердің өзі базаға автоматты түрде саусақ ізін еңгізеді – деп атап өтті полиция қызметкері.

Сондай-ақ балаларға криминалистің чемоданы, оның ішіне кіретін заттармен қалай жұмыс істеу керектігі көрсетілді. Балалар полицейлерді мұқият тыңдап, сұрақтарын қойды. Кездесу соңында оқушылар танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру