Екібастұз полицейлері қала мектептерінде біріңғай құқықтық сағат өткізді
Екібастұз қаласының полицейлері қала мектептерінде бірыңғай құқықтық сағат өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірден қаланың 25 мектебінде полиция қызметкерлері сабақ өткізді. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтар бойынша елдің қолданыстағы заңнамасын түсіндіре отырып, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев :»Ең бастысы – жас ұрпақтың өмірі, тағдыры мен денсаулығы. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу – алғашқы міндеттердің бірі. Жасөспірімдер жалқау болмауы керек. Олардың шығармашылық пен спортқа көбірек көңіл бөлуіне ықпал ету керек. Балаларды еңбекке баулу, волонтерлік қызметке тарту қажет» – деген болатын.
– Қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, бірақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін – 14 жастан бастап жауапты. Олардың ішінде: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адам ұрлау, зорлау, ұрлық, тонау, бопсалау, көлік құралын ұрлау, мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама, ауырлататын бұзақылық, вандализм, және есірткі сияқты қылмыстар бар, – дейді Екібастұз қаласының полициясы.
Мысалы жақында Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шығарылды, онда сотталушылардың орындығында екі оқушы болды. Қылмыстық іс адамдар тобының өз құрдастарына қатысты алдын ала сөз байласу арқылы денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қаралды.
Отырыста өткен жылдың жазында университет стадионының аумағында екі кәмелетке толмаған бала 13 жастағы оқушыны ұрғаны анықталды. Жарақатпен жасөспірім ауруханаға түсті. Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.
Сот әрқайсысын 6 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Балалар жазасын кәмелетке толмағандарға арналған колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сотталушы жасөспірімдердің ата-аналары жәбірленуші тарапқа моральдық зиянды өтеу ретінде 3 миллион теңге төлеуге міндетті.
– Кез келген азаматтың, оның ішінде кәмелетке толмаған азаматтың негізгі міндеті – заңдарды сақтау және құқық бұзушылық жасамау, сондай-ақ басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбау. Қылмыстық құқық бұзушылық баланың өмірінде кәмелетке толмағандардың, жәбірленушілердің де, күдіктілердің де тағдырына әсер ететін із қалдырады. Бұл ретте әрбір ересек адам кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдауы тиіс, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.