Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері жыл басынан бері 780 ұйғарым шығарды

Екібастұз полицейлері жыл басынан бері 780 ұйғарым шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полиция басқармасына алдымен күйеуі, содан кейін әйелі отбасылық жанжал бойынша жүгінді. Әрқайсысымен жұмыс жүргізіліп, қорғау ұйғарымдары қойылды. Екеуі де сот-медициналық тексеруден өтті. Отбасы бақылауға алынды. Алайда сотта ерлі-зайыпты татуласып, еш реніштері жоқ екенін жеткізді.

– Осы жылы Екібастұз аумағында 291 әкімшілік іс қаралды, онда медиация тәртібімен тараптардың татуласуы үшін 128 материал тоқтатылды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұл ретте құқық бұзушының алкогольді ішуге тыйым салынған 52 адамға қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды, 780 қорғау ұйғарымы шығарылды. Олардың талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 82 адам тартылды, оның ішінде 40 адамға қатысты 3-тен 10-ға тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру