Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған

Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы Мұхтар Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде есірткіні заңсыз сақтау және пайдалану фактісін анықтады.

Тексеру барысында ер адам есірткі заттарын пәтердің балконында сақтағаны белгілі болды. Тәркіленген заттар арасында шыны литрлік банка мен сұр-жасыл түсті, арнайы иісі бар пластикалық банка бар. Бұл заттар сараптамаға жіберілді. Медициналық тексеру нәтижесінде ер адамның алкоголь мен каннабиноидтарды бірге қолданғаны және мас күйінде болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын заңсыз сақтау және қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру