Екібастұз тұрғыны көші-қон полицейлеріне кәсібилігі үшін алғыс айтты
Екібастұз тұрғыны көші-қон полицейлеріне кәсібилігі үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің күнделікті атқаратын адал қызметі мен жауапкершілігі қоғам тыныштығының кепілі. Олардың еңбегі жайлы жылы пікірлер мен алғыс сөздер – қызмет сапасының айқын көрінісі. Осындай шынайы ризашылықтың бірі Екібастұз қаласының тұрғыны Шипилова Елена Юлиановнадан келіп түсті.
Ол көші-қон қызметінің инспекторлары Шахин Сағындық пен Базаралинов Мадиарға кәсіби біліктілігі, сыпайылығы, жедел әрекеті мен тұрғындарға деген ілтипаты үшін алғыс айтты.
– Сіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында Екібастұз қаласы тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсуде. Мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тарту мәселесі бойынша жүгіндім. Қызметкерлер маған барлығын толық түсіндіріп, елімізде уақытша тұруға рұқсат алу тәртібі жөнінде де кеңес берді, – деп жазды қала тұрғыны.
Өз кезегінде полицейлер: "Әртүрлі елдерден келген азаматтармен жұмыс істеу – ерекше төзімділік пен түсіністік талап ететін міндет. Біз өзімізге жүктелген қызметті абыроймен атқаруға әрдайым дайынбыз", – деп атап өтті.
Осындай жылы пікірлер құқық қорғау қызметкерлерінің қоғаммен тығыз байланысын және азаматтарға деген жауапты көзқарасын дәлелдейді.