Екібастұз тұрғыны полиция қызметкеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді
Екібастұз тұрғыны полиция қызметкеріне мал иесін іздеуде және анықтауда жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының полиция басқармасына кезекті хат келіп түсті. Онда 2024 жылғы 07 қыркүйекте ерлі-зайыптылар Қалқаман – Баянауыл тас жолында жол көлік оқиғасына түсіп қалғаны туралы айтқан. ЖКО-ға жолдың жүріс бөлігінде ірі қара мал себеп болған. Ерлі-зайыптылар дереу 102-ге қоңырау шалған. Олардың айтуынша, Екібастұз қаласы ПБ учаскелік инспекторы Азат Хабдуллинов хабарласып, орналасқан жерлерін нақтылап, ЖКО болған жерге келген.
Полицейдің қызметтік міндеттерін кәсіби орындауы арызданушыны бей-жай қалдырмады. Алғыс хатында ол полиция аға лейтенантына ризашылығын білдірді: «Мен бұл инспектордың жұмысына таң қалдым. Сауаттылығыңыз және нағыз кәсібилігіңіз үшін рахмет», – деп жазады олар.
– Азат Хабдуллинов қажетті іздестіру шараларын жүргізіп, мал иесін жедел анықтады. Біз өзіміз зардап шеккен жоқпыз, бірақ көлікке жөндеу қажет, – деп атап өтті Жұлдыз есімді әйел.
– Жолдардағы иесіз жайылып жүрген мал-көлік қозғалысына үлкен кедергі. Біз иесіз жайылып жүрген малдардың иелерін жауапқа тартамыз, бірақ соққылардың салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, жануарлар өледі, моральдық және материалдық зиян келтіріледі. Полиция ЖКО бойынша шешім қабылдағаннан кейін, яғни қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жәбірленуші екінші тарап келтірілген моральдық және материалдық зиянды өндіріп алу бойынша азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіне алады, – деді Екібастұз қаласы ПБ учаскелік инспекторы Азат Хабдуллинов.
Екібастұз полициясының басшылығы өңір тұрғындарының ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы пікірін жоғары бағалайды және полицейлерге алғыс білдіргені және олардың қызметіне жоғары баға бергені үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.