Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз жастары есірткі жарнамасына қарсы

Екібастұз қаласында кезекті рет есірткі жарнамаларын анықтап, оларды бояу бойынша акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастама қала тұрғындары мен жергілікті билік арасында кең қолдау тауып, тұрақты әрі тиімді шараға айналып келеді.

Акция барысында еріктілер мен жастар қозғалысының белсенділері есірткіге қарсы күресте көшелердегі заңсыз жарнамаларды жоюмен шектелмей, стрит-арт арқылы қоғамдық сананы қалыптастыруға атсалысты. Қала тұрғындары бұл бастаманы жылы қабылдап, оған ерекше мән беруде.

– Бұл идея баршасына ұнады. Жергілікті билік те, қала тұрғындары да жоғары бағалап отыр. Науқан тез танылып, ең бастысы, тиімді болды. Шараға Қ. Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің еріктілері, «Антарес» қоғамдық қорының белсенділері, сонымен қатар қаланың ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысып, барлығы 60-тан астам адам жұмылды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ирина Тимиргалиева.

Полиция департаменті тағы ескертеді: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру