Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда 100-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үй секторлары аумағында профилактикалық іс-шаралар өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет көрсетілетін аумақты пысықтау барысында жеке үйлер орналасқан аудандарға, гараж массивтеріне, сондай-ақ кәріз желілеріне іргелес учаскелерге ерекше назар аударылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.

— Рейд нәтижесінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 125 дерегін анықтады, 7 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 40 азамат айықтыру үшін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді, — дейді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.

Мұндай іс-шараларды өткізу "Қауіпсіз шағынаудан" жобасы аясында қылмыс деңгейін төмендетуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру