Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сатқан дүкен анықталды

Екібастұзда 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Екібастұз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қала дүкендерінің бірінде алкоголь өнімдерінің заңсыз сату дерегін анықтады.

Тексеру нәтижесінде дүкен сатушысы 21 жасқа толмаған азаматқа спирттік ішімдік сатқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада тек 21 жасқа толған адамдарға ғана сатуға рұқсат етіледі. Осы талаптың сақталмауына байланысты сауда орнының иесі жауапқа тартылды.

Полиция кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлеріне алкоголь өнімдерін сату кезінде азаматтың жасын мұқият тексеріп, заңда белгіленген жас шектеулерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Мұндай шаралар жастардың денсаулығын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру