Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда анасына балағат сөздер айтқан азамат қамауға алынды

Екібастұзда анасына балағат сөздер айтқан азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 34 жастағы ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Екібастұз қаласының тұрғыны сағат 22:50-де мас күйде 64 жастағы анасына балағат сөздер айтып, ішімдікке ақша талап еткен. 34 жастағы ұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) әкімшілік материалдар толтырылды. Екібастұз қаласының әкімшілік соты материалдарды зерделеп, құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Басқа жағдайда, Екібастұз қаласының тұрғыны жанжал шығарған қызы үшін полицияға шағымданды. Бірақ қарт ана қызына арыз жаза алмады. Қызы анасынан кешірім сұрады.

– Осы жылдың 3 айында ғана учаскелік инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 136 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Отбасылық жанжалқорларға қатысты 333 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 26 тұрғын жауапкершілікке тартылды. 60 бұзушыға ерекше талаптар қойылды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру