Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда автожолдардағы кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтілді

Екібастұз қаласының полицейлері өңірдегі автожолдардың жағдайын тексеруді белсенді түрде жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясының мамандары республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын тұрақты түрде бақылауда ұстап, олардағы ақауларды анықтап, шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

– Тексеру кезінде автожолдардағы ақаулар мен олардың пайда болу себептері анықталады. 2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде 88 нұсқама беріліп, 40 ақау тіркелді. Жолдағы кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқамалар жолданып, автожолдарды күтіп ұстауға жауапты 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді Екібастұз қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Нұрғазы Жәмшитов.

Екібастұз өңірінде жалпы пайдаланымдағы автожолдардың ұзындығы 733,5 шақырымды құрайды, оның ішінде 233 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, 60 шақырым облыстық және 279,4 шақырым аудандық деңгейдегі автожолдар. Қала ішінде елді мекендердегі көше-жол желісінің ұзындығы 185,1 шақырымды қамтиды.

– Сонымен қатар, көше-жол инфрақұрылымындағы ақауларды жою үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар жіберілді, – деп қосты тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру