Екібастұзда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған әдеби-патриоттық кеш өтті
Екібастұз қаласы ПБ полиция қызметкерлері Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған әдеби-патриоттық кеш ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Отан соғысының көрнекті қолбасшысы, батыр, жазушы әрі халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай полиция қызметкерлері әдеби-патриоттық кеш өткізді.
Іс-шараның мақсаты — патриоттыққа тәрбиелеу, елдің ерлікке толы өткеніне құрмет көрсету, сондай-ақ аңызға айналған жауынгердің рухани-адамгершілік мұрасын жеке құрам арасында кеңінен насихаттау.
Кеш аясында полиция қызметкерлері арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар өз жұмыстарында Бауыржан Момышұлын ержүрек қолбасшы, үлгілі офицер және жоғары адамгершілік қасиеттерге ие тұлға ретінде бейнеледі.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар үшін Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік жолына арналған деректі және көркем фильмдер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін талқылау өткізіліп, қызметкерлер батырдың ерлігінің қазіргі ұрпақ үшін маңызы жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.
— Мұндай іс-шараларды өткізу патриоттық рухты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында тарихи жадты сақтауға ықпал етеді, — деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.
