Екібастұзда есірткіге қарсы акция өтті
Екібастұзда есірткіге қарсы акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласында "Жастар есірткісіз болашақ үшін" есірткіге қарсы акциясы өтті. Ұлдар мен қыздар креативті іс-шараға қатысып, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңсыз контенттерді насихаттайтын граффити-жазулар табылған жағдайда азаматтарды іс-әрекеттер туралы хабардар етуге арналған жадынамалар таратты.
- Бүгінгі акцияның мақсаты - жасөспірімдер мен жастарды тыйым салынған заттарды қолдануға және таратуға тарту мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы мәдениетін қолдау. Бастамаға қатысқан және қолдаған әрбір адамға рақмет. Біз бірге көп нәрсе жасай аламыз, - деді Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Еркін Құсан.
Акцияны "Антарес А" ҚҚ "Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ, Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Екібастұз қаласы полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.