Екібастұзда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды
Екібастұзда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері LADA-217030 автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің әрекеті полиция қызметкерлеріне күдік туғызды.
– Медициналық куәландыру жүргізушінің есірткіге мас күйінде екенін көрсетті. Автокөлікті есірткіге мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.
Полицейлер мас күйінде көлік құралдарын жүргізуге байланысты бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер көлік құралдарын мас күйінде жүргізуді жалғастыруда, осылайша олардың өміріне, сондай-ақ басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.
Айта кетейік, жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.