Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда интернет-алаяқтық пен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Екібастұзда интернет-алаяқтық пен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында әзірленген бірлескен іс-шаралар жоспары аясында Екібастұз қаласының прокуратурасы мен полиция басқармасы бірқатар ірі өндірістік кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді. Шараға "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ және "Богатырь Көмір" ЖШС қызметкерлері қатысты. Жалпы қамтылған аудитория 4 мыңнан астам адамды құрады.

Талдау көрсеткендей, интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істердің бірқатар жәбірленушілері дәл осы кәсіпорындардың қызметкерлері екені анықталған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары аталмыш ұйымдарда кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жөн көрді.

Кездесу барысында спикерлер интернет-алаяқтықтың түрлері, соңғы кезде жиі қолданылатын тәсілдері және азаматтардың жеке деректерін қорғау жолдары туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмай, жарақаттану жағдайларының алдын алу бойынша кеңестер берілді.

Шара соңында еңбек ұжымына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша арнайы жадынамалар таратылып, қауіпсіздікке қатысты бірқатар ұсыныстар ұсынылды. Бұл кездесу – еңбек ұжымдарының құқықтық сауаттылығын арттыру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру