Екібастұзда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр
Екібастұзда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күндері Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері топтарға бөлініп, азаматтармен ақпараттық жұмысты жалғастырды. Топтардың құрамына криминалдық полицияның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар және жергілікті полиция қызметінің инспекторлары кіреді. Көпқабатты үйлердің аулаларында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға алаяққа құрбан болмау жолдары жазылған жадынамалар табысталды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға алаяқтар көбінесе банктердің, жеткізу қызметтерінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атын жамылып әрекет ететінін еске салды. Олардың мақсаты - ақша мен жеке деректерге қол жеткізу.